z-logo
open-access-imgOpen Access
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ
Author(s) -
Динара Басшықызы
Publication year - 2021
Publication title -
m. tynyšbaev atyndaġy k̦azak̦ kôlìk ža̋ne kommunikaciâlar akademiâsynyn̦ habaršysy/k̦azkka habaršysy
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2790-5802
pISSN - 1609-1817
DOI - 10.52167/1609-1817-2021-117-2-103-112
Subject(s) - computer science
Бағдарламаны заңсыз көшіруден қорғалған деп есептейік, егер онда бағдарламаның өзін тексеруге мүмкіндік беретін бағдарлама көшірмесі барлық қажетті технологияны сақтай отырып жасалған ба, соны анықтау мақсатымен орындалады. Егер көшірмелерді құру технологиясы бұзылған болса, бағдарлама қалыпты жұмыс істей алмайды. Осылай заңды көшіру көшірме құрудың кейбір ерекше технологиясын қолдануға әкеледі. Қорғалған бағдарламаның кез келген көшірмесінің өзінде немесе ішкі файлында «кілт» болуы керек - бір немесе бірнеше кодтық сандар. Тексеру кезінде бағдарлама жұмыс ортасының бірқатар спецификалық белгілерін алдын - ала кодталған кілтпен салыстырады және салыстыру нәтижесі бойынша сәйкес белгіні құрастырады. Сонымен, бағдарлама көшірмесін құру аз: бұл көшірме жұмысқа қабілетті болуы үшін нақты компьютермен жұмысқа дайын кілтті беруі керек. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады. Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз – бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here