
THE SIGNIFICANCE OF THE WORLD BARLEY GENE POOL FOR ADAPTIVE BREEDING IN THE KAZAKHSTAN ARAL SEA REGION
Author(s) -
Laura Tokhetova,
AUTHOR_ID,
I.A. Tautenov,
G.Z. Baimbetova,
A.K. Baitanatova,
G.B. Akhmedova,
Айнаш Байтанатова,
AUTHOR_ID,
AUTHOR_ID,
AUTHOR_ID,
AUTHOR_ID
Publication year - 2021
Publication title -
ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetìnìņ habaršysy/ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetiniņ habaršysy
Language(s) - Hindi
Resource type - Journals
eISSN - 2958-8367
pISSN - 1607-2782
DOI - 10.52081/bkaku.2021.v59.i4.098
Subject(s) - hordeum vulgare , gene , biology , geography , agronomy , poaceae , genetics
Қазақстанның Арал өңірінің топырақ-климаттық жағдайларының ерекшелігі – ең алдымен топырақтұздылығына, құрғақшылықтың түрлі көрінуіне, вегетациялық кезеңде жауын-шашынның біркелкі таралмауына, көктемнің аяздылығына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының биотикалық және абиотикалық экологиялық факторларға төзімді сорттарды шығаруды қажет етеді. Осыған байланысты, Қызылорда облысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде дәстүрлі емес, тұзға төзімді дәнді дақылдардың егіс көлемін ұлғайту – ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, облыста өсірілетін дәнді дақылдардың ішінде жаздық арпа (Hordeum vulgare L.) – аймақтың биоклиматтық ресурстарын,тұрақты өнім құрау үшін, мейлінше мол пайдалана алатын сенімді дақыл.Аймақтағы өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды шешудің бірден-бір жолы-жергілікті жағдайда арпаның тұзға, құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнім беретінжаңа сорттарын іріктеу болса, бұл жұмыстыңнәтижесі көп жағдайда генетикалық материалдарды жаңарту арқылы,заманауи іріктеу үдерісінің түрлі міндеттеріне сай арпаның бастапқы материалдарын алуға байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – классикалық селекцияның түрлі әдістерін қолдану арқылы шығу тегі әртүрлі эколого-географиялық коллекциялық материалдарды жан-жақты зерттеу негізінде, арпаның жаңа,болашағы зор бастапқы материалын жасау. Зерттеу жылдарындағы егістің ылғалмен қамтамасыз етілуі мен температуралық режимінің әртүрлі жағдайы жаздық арпаның коллекциялық үлгілеріне шынайы баға беруге мүмкіндік берді. Арал өңірінің тұзды топырақтарында арпаның коллекциялық материалын кешенді бағалау негізінде, 250 сортүлгіден тұратын жұмыс коллекциясы жасалды, оның ішінде өніп-өсу мерзімі қысқа – 79 күнге дейін, өсімдік биіктігі 65 см-ден жоғары бірқатар үлгілер, олардың нақты қосымша өнімі негізінен жинау кезіндегі сабақтардың тығыздылығымен, тұқымның далалық өнгіштігінің жоғары болуымен, көктемнің аязына төзімділігімен, онтогенездің бастапқы кезеңіндегі ауруларға (фузариоздың тамыр шірігі) төзімділігімен, масақтың жоғары дәнділігімен қамтамасыз етілген масақтағы дән массасымен, қорыта айтқанда, аймақтың стресстік факторларына агрономиялық төзімділігімен анықталды. Таңдалған үлгілер заманауи арпа сорттарының бейімделу әлеуетін арттыру мақсатында практикалық селекцияда қолдануға ұсынылды.