
TOPICAL PROBLEMS OF PROFESSIONAL TRAINING OF ENGINEERS AT THE WORLD LEVEL
Author(s) -
A.I. Abdigapbarova,
N. Sambetkulova,
B.B. Kurbanaliev,
Zh.S. Chingenzhinova,
G.E. Sapieva
Publication year - 2021
Publication title -
ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetìnìņ habaršysy/ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetiniņ habaršysy
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2958-8367
pISSN - 1607-2782
DOI - 10.52081/bkaku.2021.v57.i2.057
Subject(s) - training (meteorology) , medical education , professional development , engineering , engineering management , psychology , engineering ethics , computer science , mathematics education , medicine , geography , meteorology
Мақалада инженер кадрларын даярлаудың негізгі мәселелері мен дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибесі сарапқа салынады. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан елі үшін экономиканы дамыту бірінші орында тұрған міндет екені баршамызға аян. Ал ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік тыныс-тіршілігін жақсарту жаңа технологияға тікелей байланысты. Жаңа технологияны ойлап табатын да, оны игеретін де, халықтың тұрмысына оңтайлы етіп дайындап беретін де инженерлер екені белгілі. Сонда білікті және кәсіби тұрғыдағы инженер кадрынсыз елдің экономикалық дамуын елестету мумкін емес. Сондықтан еліміздегі техникалық білім беретін жоғары оқу орындарындағы инженер кадрларын даярлаудың жай күйі ондағы материалдық-техникалық базамен, студенттердің практикада тәжірибе жинақтайтын мекемелердің заманауи жабдықталуымен, сонымен қатар, әрине, білім бағдарламаларының сапалылығымен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мақала өте өзекті мәселелерді шешуге дүние жүзі бойынша осы саладағы мәліметтерді жинақтап, сарапқа салады, салыстырады, арасында инженерлерді кәсіби даярлауда нақты талаптарды ұстанатын мемлекеттердің тәжірибесін түсіндіреді. АҚШ, Германия, Жапония, Қытай және Ресей елдерінің инженерлер даярлаудағы тәжірибелерден Қазақстандағы инженерлік білім беру жүйесіне өте қажет пункттерді үлгі ретінде алуға болады. Жалпы, мақала инженерлерді кәсіби даярлау мәселесі үшін тиісті саладағы ғалымдарға нақты мәлімет бере алатын ғылыми жұмыс. Кілт сөздер: инженер, кәсіби даярлау, білім бағдарламалары, білікті инженер кадры.