z-logo
open-access-imgOpen Access
YIELD OF GREEN MASS GENOTYPES OF AFRICAN PROSO IN RICE CROP ROTATION
Author(s) -
Ibadulla Tautenov,
N.Sh. Nurgaliev,
Bibigul Baizhanova,
Zh.B. Zhumataeva,
A.A. Demesinova
Publication year - 2021
Publication title -
ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetìnìņ habaršysy/ķorķyt ata atyndaġy ķyzylorda universitetiniņ habaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2958-8367
pISSN - 1607-2782
DOI - 10.52081/bkaku.2021.v57.i2.031
Subject(s) - crop , yield (engineering) , genotype , biology , agronomy , horticulture , gene , physics , genetics , thermodynamics
Бұл мақалада Қызылорда облысының қуаңшылық табиғи жағдайында күріш ауыспалы егісінде африкалық тарыны өсіру ерекшеліктері жайлы және оның топырақ тұздылығы мен жергілікті ауа райы жағдайларына төзімділігі туралы мәліметтер келтірілген. Зерттелген 9 сортүлгілердің тұқым шығымдылығы және өміршеңдігі бойынша әртүрлі деңгейде екендігі байқалды. Тұқымның далалық өнгіштігі сортүлгілер бойынша 57,5-66,3% аралығында болды. Өсімдіктердің өміршеңдігі барлық сортүлгілер бойынша жоғары болды, олардың көрсеткіші 90,6- 95,8% аралығында ауытқыды. Өсімдіктердің көп сақталуы WRai POP, IP 13150, IP 19586 сортүлгілерінде байқалды. Осы екі параметр бойынша көрсеткіштер дақылдың жоғарыда көрсетілген сортүлгілерінің топырақ тұздылығына, ауа-райының қуаңшылық жағдайына төзімді екендігін байқатады. Сортүлгілердің өнімділігі мөлдектегі өсімдік тығыздығына, оның түптенуіне және өсімдік биіктігіне байланысты болды. Жоғары өнімділік (37,5-48,0 т/га) HHVBC Tall, GB 8735, IP 13150, Sudan POP I, IP 19586 сортүлгілері бойынша алынды. Ерекшеленген сортүлгілердің жоғары өнімділігі түрлі факторларға байланысты болды. Ең жоғары өнімділік көрсеткен HHVBC Tall сортүлгісінің далалық тұқым шығымдылығы - 64,1%, өміршеңдігі 93,9%, жанама сабақтары 11 дана, 1 гектардағы өсімдік саны 165900 дана, өсімдік биіктігі 287,6 см болып, бірінші орым 62 күнде жүргізілді. Сондай-ақ, 73 күнде орымға дайын болған GB 8735 сортүлгісі, жанама сабақтарының саны 10 дана болуына байланысты 43,5 т/га өнімділік көрсетті. IP 13150 сортүлгісі далалық тұқым шығымдылығы мен өсімдік өміршеңдігі көрсеткіштерінің жоғары болуына байланысты 38,5 т/га өнімділік көрсетсе, IP 19586 сортүлгісі осы көрсеткіштер және өсімдік биіктігінің (295,2 см) жоғары болуына сәйкес, мол көказық өнімін жинауға мүмкіндік берді. Sudan POP I сортүлгісінің жоғары өнімділігі далалық тұқым шығымдылығы мен өміршеңдігіне және өсімдік биіктігіне (320,1 см) байланысты болғаны байқалды. Бұл деңгейдегі өнімділік аталған сортүлгілерді Арал өңірінде өсіріп, күріш ауыспалы егістерінің тұзды топырақтарын тиімді пайдалануға болатынын көрсетіп отыр. Кілт сөздер: африкалық тары, генотип, сортүлгі, көк балауса, өнімділік.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here