
USING NETEMUL TO MODEL AND SIMULATE COMPUTER NETWORKS
Author(s) -
Ye.H. Zhabayev
Publication year - 2020
Publication title -
habaršy. fizika-matematika seriâsy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1728-7901
DOI - 10.51889/2020-2.1728-7901.34
Subject(s) - computer science , network packet , simulation , computer network
Қазіргі уақытта компьютерлік желілердің құрылымы мен жұмысын модельдейтін әртүрлі бағдарламалық орталар бар, мысалы, Cisco Packet Tracer, UNetLab, NET Simulator, NetEmul, GNS3 және т.б., олар бір-бірінен жылдам жұмыс істеуімен, интерфейсімен, компьютер жабдықтарына үйлесімділігімен ерекшеленеді. Мұндай бағдарламалық ортаны пайдалану желілік компоненттерді эмуляциялау арқылы әртүрлі желілер топологиясы мен құрылымын құруға және экранында визуализациялауға мүмкіндік береді: компоненттерді баптау және олардың өзара әрекеттесу процестері; әртүрлі желілік хаттамалардың жұмыс процестері; жергілікті желіні және ғаламдық Интернет желісін қосуды, сондай-ақ тұтастай компьютерлік желінің жұмыс істеуін баптау. Мақалада компьютерлік желілердің құрылымы мен жұмысын модельдеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық орталарының бірі болып табылатын NetEmul ортасын қолдану қарастырылады. Компьютердің басқа процестеріне кедергісіз желілік модельдің жұмыс істеу процестерін қамтамасыз ететін бағдарламалық ортаның мүмкіндіктері сипатталған. Сондай-ақ, NetEmul бағдарламалық ортасында зертханалық жұмыстар ұсынылған, мұнда студенттер жергілікті желіні құруды, IP мекен-жайларын орнатуды және жергілікті желінің жұмысын тексеруді, жергілікті желінің жұмыс жасау процессін көру, және әр құрылғыларда болып жатқан оқиғаларды бақылау арқылы көрсетілген статистика мен қызметтерін егжей-тегжейлі қарастыруды үйренеді.