z-logo
open-access-imgOpen Access
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ӘЛЕМДІК РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ
Author(s) -
Р.У. Рахметова,
Нұр-Сұлтан Туран-Астана университеті,
М.А. Ежебеков,
А.А. Чейрханова,
Алматы Нархоз Университеті
Publication year - 2021
Publication title -
statistika, učet i audit
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1563-2415
DOI - 10.51579/1563-2415.2021-1.36
Subject(s) - psychology
Мақалада Қазақстанның аграрлық секторының даму көзі болып табылатын табиғи ресурстарының көлеміне жəне пайдалану тиімділігіне сəйкес əлем елдерінің арасында алатын орнын зерттеген. Ауыл шаруашылығына жарамды табиғи ресурстарға бай елдердің ішінде АҚШ пен Ресейдің аграрлық секторының өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштерімен Қазақстанның аграрлық мəліметтерін салыстырып, ресурс əлеуетінің қайтарымдылығына талдау жасаған, нəтижесінде еліміздің табиғи ресурстары көлеміне қарағанда өндіріс көлемінің төмендігі анықталды жəне бар байлықты толық пайдалана алмай отырғандығын негізделген. Осыған байланысты Қазақстанның аграрлық секторының даму деңгейі қай елдермен сəйкес келетінін анықтау үшін əлемдік 193 елдің ішінен аграрлық табиғи ресурсқа бай 32 елді таңдап алып, табиғи əлеуетті тиімді пайдалануын сипаттаушы көптеген көрсеткіштерге екі нысанда көпөлшемді статистика математикалық əдістердің ішіндегі кластерлік талдау əдісімен компьютерлер технологиясында арнаулы SPSS-22 бағдарламасында топтастыру арқылы кластерлерге бөліп орнын анықтаған. Осы екі нысанда кластерге енген елдермен Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, немесе қайтарымдылығын салыстырып талдау жасалған.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here