z-logo
open-access-imgOpen Access
БАСҚАРУШЫЛЫҚ АУДИТ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Author(s) -
Г.С. Бердибекова,
З.М. Кененбаева,
Ж.К. Туребаева
Publication year - 2021
Publication title -
statistika, učet i audit
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1563-2415
DOI - 10.51579/1563-2415.2021-1.03
Subject(s) - computer science
Басқару аудиті ұйымдар мен кəсіпорындар қызметінің аудит жүйесіндегі жаңа бағыт болып табылады, ол персоналды басқару жөніндегі басшылықтың қызметін бағалауға, еңбек ресурстарының сапасын арттыруға, өндірістегі еңбек жағдайларын оңтайландыруға жəне жақсартуға мүмкіндік береді. Сапалы аудит жүргізу үшін өндірісте персоналды басқару жүйесін сипаттайтын бағалау көрсеткіштерін қолдану қажет. Басқару жүйесінде əлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімді жұмыс істеу тиімділігінің əртүрлі стандарттарына сəйкес басқару қызметін тəуелсіз зерттеу жəне бағалау ретінде басқарушылық аудит ерекше орын алады. Басқарушылық аудитті жүргізу кезінде сараптамалық кеңес берудің стандартты əдістері пайдаланылады: анықтамалық жəне сараптамалық сұхбат, құжаттарды талдау, деректерді жинау, рəсімдерді формалды сипаттау, бизнес-үдерістер мен негізгі функцияларды үлгілеу жəне схемаларды құру. Кəсіпорындардың басқару аудитінің басты міндеті-бұл бизнестің өндірістік объектілерінің нақты қол жеткізілген жəне нормативтік нəтижелілігінің, тиімділігінің, əлеуметтік маңыздылығы мен іскерлік белсенділігінің (экономикалық даму деңгейінің) көрсеткіштерін жалпы осындай əрбір объектінің басқару командасының еңбек қызметінің жалпы нəтижесі ретінде, сондай-ақ кəсіпорынның басқару командасының əрбір мүшесінің, төменгі буын менеджерлерінен бастап команда басшыларына дейінгі еңбек белсенділігінің, бастамашылығының, интеллектуалдық жəне креативтілігінің айқындамасын айқындау жəне салыстыру. Осы мақаланың мақсаты аудиторлардың практикалық қызметінде бар менеджмент жүйесінің көрсеткіштерін бағалау əдістерін зерделеу, зерделенген əдістер негізінде бағалаудың жаңа əдістері мен олардың тиімділігін анықтау болып табылады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here