
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Author(s) -
М.У. Бейсенова,
Шымкент Мирас Университеті,
Б.А. Мархаева,
Э.Е. Жусипова,
М.Т. Кальменова,
Шымкент М. Əуезов атындағы Оқму,
Шымкент қ. Мардан Сапарбаев Институты,
Шымкент А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Publication year - 2021
Publication title -
statistika, učet i audit
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1563-2415
DOI - 10.51579/1563-2415.2021-1.01
Subject(s) - computer science
Осы мақаланың мақсаты - Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы туралы статистикалық деректерді талдау, адами капитал компоненттерінің құрамында мүгедектің еңбек əлеуетін қалыптастыру мен дамытуға əсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Мүгедектіктің бірінші тобы жəне мүгедектік деңгейі сияқты мүгедектікті сипаттайтын көрсеткіштер қаралды. Бұл ретте Қазақстанда еңбекке қабілетті халық арасында мүгедектікке əсер ететін индикаторлар анықталды, оларға əлеуметтік-экономикалық, медициналық-демографиялық жəне экологиялық факторлар, еңбекті қорғаудың төмен деңгейі, сондай-ақ медициналық қызметтердің төмен сапасы мен жоғары құны жатады. ТМД елдерінде мүгедектіктің негізгі себептері көрсетілген: жалпы сипаттағы аурулар, қан айналымы органдарының ауруларынан мүгедектік, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, кəсіби аурулар мен өндірістегі жарақаттар. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналасуына əсер ететін факторлар жəне осы үдерістегі мемлекет пен бизнестің рөлі келтірілген.