z-logo
open-access-imgOpen Access
ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДА DЕLAVAL САУЫН РОБОТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Author(s) -
Сыдыкова А.Р,
Шайкенова К.Х
Publication year - 2022
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2022.1(112).939
Subject(s) - computer science
Мақалада базалық шаруашылықта автоматтандырылған сауу жүйелерін қолдану бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сиырлардың сүт өнімділігі көптеген факторларға байланысты болып келеді: азықтандыру, күтіп-бағу шарттары, фермада жануарларды пайдалану, сондай-ақ сиырларды сауу әдістері. Дұрыс таңдалған сауу әдісі сүттің белсенді жеткізілуін қамтамасыз етіп, сүт өндірісі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Қазіргі уақытта "Бердинова А" шаруа қожалығында қолданылатын автоматтандырылған платформалардың көмегімен, сауу жүйелері машинамен сауудың инновациялық әдістерін, ветеринариялық-гигиеналық талаптарды, сондай-ақ сауу процесінің ерекше тәсілдерін өзіне біріктіп отыр. Шаруа қожалығының базасындағы зерттеулер барысында Сorner Machinery ALMM 11 жылжымалы сауын аппараттары мен VMS DeLaval роботтарының көмегімен, симментал тұқымды сиырлардың сүтін сауудың тиімділігін салыстыру барысында, роботпен сауу кезінде, сауын аппараттарын пайдаланумен салыстырғанда сүт өнімділігінің 4,1% артуы, сондай-ақ сүт сапасының көрсеткіштерінің жақсаруы байқалды..

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here