
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ КҮЗДІК БИДАЙДЫ ТІКЕЛЕЙ СЕБУ КЕЗІНДЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТҮРЛІ МӨЛШЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӨНІМДІЛІККЕ ӘСЕРІ
Author(s) -
Туребаева С.Д,
Сыдык Д.А,
Жаппарова А.А
Publication year - 2022
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2022.1(112).861
Subject(s) - medicine
Мақалада Қазақстанның оңтүстігінде күздік бидайды тікелей себу кезінде түрлі тыңайту мөлшерлерінің дақылдың өсіп-өнуі мен өнімділігін қалыптастыруына әсерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары 2018-2021 жылдар аралығында Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егістік стационары мен зертханаларында орындалған. Зерттеулерде Қазақстанның егіншілік саласындағы зерттеулерде қолданылатын жаппай қабылданған әдістемелер негізінде, зерттеулерде бақылауды қоса алғанда тыңайтудың 8 нұсқасы қолданылған. Зерттеу нәтижелері тікелей себумен өсіру кезінде тыңайтқыштарды қолданудың өсімдіктердің өсіп-өнуі мен өнімділігін қалыптастыруына оң әсер ететіндігін, тыңайтқыштарды пайдаланудың күздік бидай өнімділігін бақылау нұсқасымен салыстырғанда 4,5 ц/га-ден 24,1 ц/га дейін арттыратындығын көрсеткен. Ең жоғарғы өнімділік азотты-фосфорлы тыңайтқыштардың P45N70 нормасы енгізілген нұсқада, зерттеу жылдарына орташа алғанда 36,3 ц/га мөлшерінде қалыптасқан.