
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ИКЕМДІЛІГІ
Author(s) -
Кипшакбаева Г.А,
Амантаев Б.О,
Тлеулина З.Т,
Кипшакбаева А.А,
Турбекова А.С
Publication year - 2022
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2022.1(112).848
Subject(s) - medicine
Мақалада «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ Ғылыми-эксперименттік кампусы жағдайында жаздық жұмсақ бидай сорттарын бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер нәтижесінде дақыл өнімінің құрылымдық элементтер кешенінің жоғары көрсеткіштеріне ие жаздық бидайдың сорттары анықталды. Зерттеу жылдарында зерттелген сорттар орташа есеппен 18,9-25,8 ц/га өнімділік көрсетті, астық өнімділігі бойынша сорттар арасындағы ауытқу 1,7-ден 6,8 ц/га құрады. Зерттеуге алынған материалдардың дән құрамындағы ақуыз мөлшері 18,44-22,8% аралығында болды. Ақуыздың жоғары мөлшері бойынша Айна мен Асыл сапа сорттары ерекшеленді, Астана сортымен салыстырғанда бұл сорттарда ақуыз мөлшері 0,8-1,21% - ға жоғары болды. Селекция үшін келесі сорттар үлкен қызығушылық тудырады: Астана, Тәуелсіздік 20, Таймас, Карабалыкская 70, Карагандинская 22, ХN-08, ХN-10, ХN-11, Карагандинская 31, Карагандинская 60, Шортандинская 2012, Карагандинская 30, Айна және Августина.