z-logo
open-access-imgOpen Access
ТІК ОРНАЛАСҚАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ФЕРМАЛАРЫ
Author(s) -
Ш Ж Суранкулов
Publication year - 2021
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2021.2(109).599
Subject(s) - geology
Бұл мақалада қалада ауыл шаруашылығын дамытудың жолы қарастырылған. Оның заманауи түріне тік орналасқан ферма жатады. Онда қаладағы азынаулақжерде ауылшаруашылық өнімдерін инновациалық технологияларды, яғни аквапоника, гидропоника және аэропониканы пайдалана отырып өсіру жайлы айтылады. Осы жоғары технологияны іске асыратын тік ферманың әлемдегі заманауи түрлері жайлы қысқаша мәлімет келтірілген. Түрлі жобаларды талдай отырып Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі бар, сәулеттік көлем-жоспарлау және құрылымдық шешімдері қарапайым жоба таңдап алынған. Соның негізінде сәулеттік-жобалау шешімдері қарапайым тік ферманың эскиздік жобасы ұсынылған. Бұл ғимараттың жоғарғы қабаттарында балық, көкөністер және жеміс-жидектер өсіруге болатындығы, ал төменгі, яғни бірінші қабатта сол дайын өнімдерді тұтынушыға ұсынатын сауда орындары мен түрлі бағыттағы шараларды өткізуге арналған конференьс залы қарастырылғаны айтылады. Сонымен қатар, мақалада күн энергиясы ғимаратты жарықтандыру, жылыту, салқындату, желдету, электр энергиясымен қамтамасыздандару үшін пайдалануға болатындығы және алынған энергияны тиімді қолдану жолдары келтірілген.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here