z-logo
open-access-imgOpen Access
ШАЙҚОРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ШАЛҒЫНДЫ БОЗ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ
Author(s) -
Г Р Кекілбаева,
аға оқытушы
Publication year - 2021
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Romanian
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2021.1(108).163
Subject(s) - materials science , environmental science
Мақалада ірі өндіріс ошақтары орналасқан Тараз қаласына іргелес жатқан Шайқорық елді мекенінің шалғынды боз топырағының ауыр металдардың (Pb, Cu, Zn) жалпы және жылжымалы мөлшерімен ластану дәрежесін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Техногенді таралу жолымен түскен ауыр металдар топырақтың химиялық құрамының өзгеруіне алып келген, бұл өз кезегінде топырақтың негізгі құнарлылық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізеді де, топырақтың өзін-өзі тазарту қабілетін нашарлатып, тозуына алып келеді. Ластану ошақтарына жақын жатқан аумақ топырақтарындағы ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шекті деңгейінен біршама артқан. Қауіптілік коэффициентінің мәндері бойынша қорғасын мен мыстың жылжымалы мөлшерінің топырақтағы шоғырлануы көтеріңкі және орташа аралықты қамтыды. Ластану дәрежесінің жиынтық көрсеткіші бойынша шалғынды боз топырақтар рұқсат етілген ластану санатына жатады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here