z-logo
open-access-imgOpen Access
МАУСЫМДЫҚ ЖАЙЫЛЫМ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ БИЯЗЫ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
Author(s) -
Н.А. Мелдебекова Ж.Б. Исаева,
К.Б. Жақыпова Э.Е. Кантарбаева
Publication year - 2021
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2021.1(108).151
Subject(s) - psychology
Мақалада нақты аумақта жайылымдарды маусымдық пайдалану арқылы табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Жамбыл облысы Қордай ауданы «Батыр» шаруа қожалықтың аумағы геоботаникалық зерттеулер негізінде өсімдіктер қауымдастықтарын оқшаулай отырып, оларды пайдалану маусымдарына бөлінді (көктем-жаз-күз). Маусымдық пайдалану кезінде жыл мезгілдері бойынша табиғи шөптердің шығымдылығын есепке алу жүргізілді және жайылымдық кезеңде тәжірибедегі қойлардың тірі салмағының өсуі анықталды. Қойлардың өнімділігінанықтағанда, тірілей салмақтың ең жоғары өсімі, шалғай жайылымда маусымдық жаю қолданылған тәжірибелік топта байқалды. Зерттеу жұмыстары келесі жүйеде жүргізілді: топырақ - өсімдік - жануарлар - мал шаруашылығы өнімдері. Зерттеу нәтижесінде тозған жайылымдардың мақсатында өсімдік жабынының өсімі және өсуі 15-18%-ға дейін жоғарылады. Сонымен қатар тиімді мал жаю жолымен мал өнімін 12%-ға дейін арттырып, жайылымды маусымдық пайдалануды қолданғанда зерттеудегі малдардың тірілей салмағының анағұрлым көбірек өсуі қамтамасыз ететілетіні анықталды.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here