z-logo
open-access-imgOpen Access
"КӨКШЕТАУ" МҰТП СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ БАЛЫҚТАР ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
Author(s) -
Шуткараев А.В.,
Асылбекова А.С
Publication year - 2021
Publication title -
s. sejfullin atyndaġy k̦azak̦ agrotehnikalyk̦ universitetìnìn̦ ġylym žaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2710-3757
pISSN - 2079-939X
DOI - 10.51452/kazatu.2020.3(110).641
Subject(s) - political science
Бұл мақалада "Көкшетау" МҰТП су айдындарындағы балықтар популяциясының динамикасын зерттеу нәтижелері келтірілген. 4 су айдыны (Зеренді, Имантау, Лобаново, Шалқар) және балықтың 9 түрі зерттелді. Биологиялық көрсеткіштер динамикасында бәсекелестік аясында қорек ресурстарының жетіспеушілігімен байланысты тортаның баяу өсуі байқалады, белгілі бір қартаю тыран мен оңғақ популяциясында байқалады, бозша мөңкеде өте қанағаттанарлық көрсеткіштерге ие, тұқы, кәдімгі шортан және ақсахалар оң динамикаға ие болды. Кәдімгі алабұғаның биологиялық көрсеткіштерінің динамикасы әртүрлі бағытта, Шалқар көлінде олар басқа су айдындарымен салыстырғанда жоғары болды, Зеренді көлінде тиісінше балық аулаудың іске қосылуынан туындаған біршама теріс үрдіс байқалды. Жастық құрамы динамикасында торта, тыран және кәдімгі шортан өте тұрақты популяцияға ие болды, ал оңғақ және бозша мөңке популяциясы салыстырмалы түрде тұрақты күйде екендігі анықталды. Тұқы мен ақсахалар популяциясының жағдайы балықтандыруға байланысты. Зерттеу нәтижелері бойынша "Көкшетау" МҰТП су айдындарында әуесқойлық аулауды, өсімін молайту мақсатында балық аулауды ұйымдастыру ұсынылады, сондай-ақ мелиоративтік аулауды жүргізу қажеттілігі анықталды.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here