z-logo
open-access-imgOpen Access
Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштарда магниттік радиалды күштердің әсерінен пайда болатын діріл және оны есептеу
Author(s) -
М. Б. Жаркымбекова,
К. О. Ғали
Publication year - 2021
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. ènergetičeskaâ seriâ
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-3420
DOI - 10.48081/usop8639
Subject(s) - computer science
Бұл мақаланың мақсаты магниттік радиалды күштердің әсерінен пайда болатын қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың дірілін және соның әсерінен пайда болатын шуды азайту үшін падаланылатын әдістерге шолу жүргізу және магниттік радиалды күштердің әсерінен пайда болатын қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың дірілін және соның әсерінен пайда болатын шуды есептеп, оның мәнін азайту үшін тік пазалардың орнына қиғашталған пазаларды қолданған кездегі діріл мен шудың мәндерімен салыстыру және зерттеу. Электрмагниттік күштердің әсерінен болатын тістердегі дірілдің амплитудасының статор тірегіндегі дірілден ондаған және жүздеген есеге аз болатынын қарапайым есептеулермен көрсету. Сондықтан электр машинасының магниттік шуын зерттеу негізінен оның статор тірегін зерттеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған діріл туғызушы магниттік күштердің әсерінен пайда болатын магниттік шуды төмендетіудің бір тәсілі ол электр қозғалтқышын жобалаған кезде статордағы және ротордағы ойықтар санының қолайлы қатынасын анықтау. Дегенмен, ойықтар санының қолайлы қатынасын таңдауға шудың азайуы ғана емес, сондай-ақ асинхронды қозғалтқыштарды жүргізу, қозғалтқыштық және тежелу қасиеттеріде тәуелді болады. Сондықтан ойықтар санын таңдаған кезде барлық көрсетілген факторларды ескеріп, зерттеу жүргізу.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here