Open Access
БИОЭТАНОЛДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН БИОМАССА РЕСУРСТАРЫ
Author(s) -
Татьяна Ивановна Глущенко,
Татьяна Витальевна Бедыч,
Загипа Киргизбаевна Абдикулова,
Балташ Канатович Сакенов
Publication year - 2021
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. ènergetičeskaâ seriâ
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
ISSN - 2710-3420
DOI - 10.48081/ubor1884
Subject(s) - computer science
Мақалада биоэтанол өндіру үшін жаңартылатын энергияны пайдалану мәселелері қарастырылған. Қостанай облысы дамыған ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Жердің көп бөлігі дәнді дақылдар мен жүгерінің, майлы дақылдар мен көкөністердің егіс алқаптарына бөлінген. Аграрлық дақылдарды өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу процесінде өсірілген дақылдардың едәуір бөлігі жарамсыз болып қалады. Оларды кейіннен негізгі мақсаты бойынша пайдалану мүмкін емес. Көбінесе қорланбаған өрістерде шіріп кетеді немесе лақтырылады. Мақалада қарастырылған материал ауылшаруашылық қалдықтарын салыстырмалы түрде арзан биоэтанолды өндіру үшін пайдалануға болатындығын көрсетеді. Өңірде халықтың басым бөлігі ауыл тұрғындары. Елді мекендер бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан. Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін, ауылдық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету үшін биоэтанолды электр және жылу энергиясының көзі ретінде пайдалану ұтымды болар еді. Биоэтанол өндірісінің қалдықтары мал азығына жарамды, бұл ауылдық жерлер үшін және қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайту үшін де маңызды. Адамның өмір сүру процесінде биоэтанол алуға, содан кейін жылу және электр энергиясын алуға жарамды қатты тұрмыстық қалдықтар жасалады. Келтірілген есептеулер қатты тұрмыстық қалдықтарды биоэтанолға өңдеудің орындылығын көрсетеді. Еуроодақ елдері өз ғалымдарының зерттеулерін пайдалана отырып, биоэтанол мен синтетикалық отын түрлерін өндіру жөніндегі технологияларды табысты дамытуда. Қазақстан майлы дақылдарды өңдеу тәжірибесі мен қажетті егіс алқаптарына ие бола отырып, биоэтанол өндіру саласын табысты дамыта алады.