z-logo
open-access-imgOpen Access
Әл-Фараби еңбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі
Author(s) -
Лескул Нусупкуловна Ибраимова,
Ғайша Алдабергенқызы Серикбаева
Publication year - 2020
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. pedagogičeskaâ seriâ
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-2661
DOI - 10.48081/jdaq5171
Subject(s) - political science
Мақалада орта ғасыр ойшылы Әл-Фарабидің жастарға адамгершілікке тәрбиелеудің моральдық-этикалық жақтары қарастырылып, ғұламаның ізгілікке баулу туралы көзқарастары айтылған. Әл- Фараби зерттеулеріндегі этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударғандығы және этиканың зерттеу объектісі- мораль, мінез- құлық, әдептілік нормалары екенін жан- жақты дәлелдеген. Әл- Фарабидің этиканың ең жоғары категориясы- бақыт болып табылатындығы мен ол адам бойындағы ақыл- парасатты этикалық- адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды деген пікірі айтылған. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Сонымен қатар мақалада жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлы ғұламаның еңбектеріне сілтеме жасалынып, ізгілік асыл қасиетті қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Әл-Фараби мұралары арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру мен оқытудың мақсаты, әдістемесі, білімнің беріктігі, жүйелілігі, оқытудың қолжетімділігі, көрнекілігі қамтылған, оқушының белсенділігі мен мақсатқа ұмтылушылығына көңіл бөлінген. Мақалада әл-Фарабидің адам мінезі туралы құнды пікірі өзекті баяндалады. Сонымен қатар, ғұламаның «Бақытқа жету жайында» еңбегіндегі тұлғаның адамгершілік сапалары қарастырылады. 

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here