z-logo
open-access-imgOpen Access
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ АРҚЫЛЫ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Author(s) -
Тыныштық Нұрдәулетқызы Ермекова,
Бақытгүл Молдағали
Publication year - 2020
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. filologičeskaâ seriâ
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-3528
DOI - 10.48081/cscm2746
Subject(s) - geography
Мақала соңғы кездері қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты туындаған бірқатар мәселелерге арналады. Бүгінгі жаһандану дәуірі ақпарат пен технологияның кең қанат жайып, қоғамның барлық саласы дерлік цифрлық жүйеге еніп, қарыштап дамуды бастан кешіп жатыр. Сан-салалы бағыттың замана көшіне ілесіп, даму үдерісінің қарқынды белең алуы дәл қазіргі уақыттың талабы болса керек. Олай болса, еліміздің дамуының басты өзегі болып табылатын тіл, жазу тағдыры өркендеу мен өсудің биік тұғырына әбден лайық мәселе болып табылмақ. Өйткені әрбір халық, қала берді ұлттың жалпы өмір сүру салты, қалыптасуы, даму жолы, кешегісі, бүгінгісі мен келешегі ана тілінің ахуалына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Бұл – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Әрине, латын әліпибиін қабылдап, оған түбегейлі көшу үрдісі әлеуметтік-саяси, мәдени, экономикалық маңызы өте зор мәселе. Әлем тілдеріндегі орфография, орфоэпия, транскрипция мәселелері қазақ тілінің табиғатына қалай үйлеседі деген мәселеде Ахмет Байтұрсынұлы ұстанымына сүйену қажеттігіне мән беріледі. Бұл ұстаным кирилл әліпбиі мен оның емлесі санасына орныққан қазіргі буын үшін тосындау көрінетіні рас, бірақ ұлттық сананы жаңғырту арқылы бұл мәселені шешуге болады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here