z-logo
open-access-imgOpen Access
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың диагностикасы
Author(s) -
Н.С. Кожамкулова,
С.М. Кенесбаев
Publication year - 2020
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. pedagogičeskaâ seriâ
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-2661
DOI - 10.48081/azjx3550
Subject(s) - psychology , medicine
Бұл мақала қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі бастауыш сынып мұғалімдерінің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруды зерттеуге арналған. Зерттеу барысында жаңашыл мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, тақырыпты ашу мақсатында «интеллект», «әлеует» ұғымдарының мән-мағынасын ашқан. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интеллектуалды әлеуітінің қасиеттеріне тоқталған. Мақала практикалық басымдылығымен сипатталады. Зерттеу тақырыбы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне «Студенттердің ақпараттық технологиялар танымы» атты зерттеу жүргізіліп, жүргізілген эксперименттік зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері графикалық бейнеленген. Педагогтардың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының талаптары көрсетілген. Педагог Н. Б. Крылованың болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыру барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мәдениетін қалыптастырудың ең қажетті талаптары мен шарттары блоктарға жіктеп көрсеткен. Мақаланың қорытынды бөлімінде мақалада берілген теориялық және эксперименттік жұмыстардың тұжырымдары берілген.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here