Open Access
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РАДИОМОНИТОРИНГ ҮШІН ТӨМЕН ОРБИТАЛЫ ШАҒЫН ҒАРЫШ АППАРАТЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІН ТАЛДАУ
Author(s) -
Алтай Зуфарович Айтмагамбетов,
Айгуль Егалиевна Кулакаева,
А. Т. Жетписбаева,
Багдат Абдурашидовна Кожахметова,
Болат Муканович Абильмажинов
Publication year - 2021
Publication title -
vestnik torajgyrov universiteta. ènergetičeskaâ seriâ
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-3420
DOI - 10.48081/aooy1040
Subject(s) - computer science
Қазіргі таңда радиоэлектрондық құрылғылардың санының қарқынды өсуі радиожиілік спектрінің тапшылығын туғызады, сонымен қатар электромагниттік жағдайды едәуір қиындатады және радиобақылау функциялары мен міндеттерін жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағын есекере отырып, қолданыстағы жерүсті радиомониторинг құралдарының шеңберінде радиобақылаудың функциялары мен міндеттерін сапалы орындау мүмкін емес. Дегенмен осындай аумағы үлкен елдер үшін радиожиілік спектрін пайдалану радиомониторингі жүйесінің тиімділігін арттыру үшін радиобақылау станциясы ретінде төмен орбиталы шағын ғарыш аппараттарды пайдалану орынды. Мақалада қолданыстағы жерүсті радиоэлектрондық құралдар үшін энергетикалық қорды бағалау және талдау жүргізілді және радиомониторингтің функциялары мен міндеттерін орындау үшін бір төмен орбиталық шағын ғарыш аппарат негізінде жерсеріктік радиомониторингтің жабынын талдауы келтірілген. Төмен орбиталы ғарыш аппараттарының негізінде радиомониторинг жүйесін енгізу радиомониторинг жүйесінің тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.