Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды отбасында тәрбиелеу
Author(s) -
Дюсембинова Райфа Кыдыровна,
Рымханова Айнагуль Рымбековна
Publication year - 2020
Publication title -
bulletin of toraighyrov university pedagogics series
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2710-2661
DOI - 10.48081/aiwv9592
Subject(s) - geography
Мақала білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеудегі отбасының ықпалын ашып көрсетуге арналған. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаға конструктивті және деструктивті қарым-қатынастың ерекше ерекшеліктері анықталды. Ата-аналардың отбасылық қарым-қатынас стильдері сипатталған: гипер-, гипоқамқорлық (гипер-, гипопротекция), ынтымақтастық, репрессивті. сүйемелдеуін қажетсінеді. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына әсер ететін биологиялық және әлеуметтік факторлар және олардың отбасыларының психологиялық, әлеуметтік және соматикалық деңгейлері сипатталады. Аталған көрсеткіштерді анықтау мақсатында балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған «Отбасындағы қарым-қатынас» сауалнамасы пайдаланылған. Сауалнама сұрақтары отбасындағы бала мен ересектердің қарым-қатынасының барлық жақтарын қамтыған. Алынған нәтижелер ата-аналардың тек белгілі бөлігінде ғана қарым-қатынастыың дұрыс орныққандығын көрсеткен, көпшілігі бұл мәселеге салғырт қарайтындығы белгілі болған. Бұл өз кезегінде мектеп пен қоғамдық мекемелер тарапынан «ерекше» балаларды отбасында тәрбиелеуге қажетті психологиялық көмек жүйесін құру мен жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету ісін ұйымдастыру оның мазмұны мен формаларын, әдіс-тәсілдерін таңдап алуда әдіснамалық негіздердерге сүйенетіні, демек бұл іс ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тереңірек зерттеуді қажет етедігі дәлелденген.
Accelerating Research
Robert Robinson Avenue,
Oxford Science Park, Oxford
OX4 4GP, United Kingdom
Address
John Eccles HouseRobert Robinson Avenue,
Oxford Science Park, Oxford
OX4 4GP, United Kingdom