
ТӘҢІРШІЛДІК, ШАМАНИЗМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СЕНІМДЕР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЕРКІНДІК ТҮСІНІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Author(s) -
Гульнар Нусипова,
Әміреқұл Әбуов
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.09
Subject(s) - computer science
Дін тарихын білмей белгілі бір аймақта тұратын халықтардың өмірін терең түсіну мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын түсіну, діни жүйелерді зерттеудің маңызы зор. Ежелгі Қазақстан жеріндегі сенімдер тәңіршілдіктен бастап, исламның келуіне дейінгі кезеңді қамтиды, көптеген діни ілімдер Тәңірге табыну, Жер-Су, Ұмай, Митраға табыну, шамандық пен пұтқа табынушылық, буддизм, манихейлік, несториандық ағымдағы христиандық, зороастризм концепциялары тарала отырып, олар белгілі бір аспектілерде этика мен мәдениеттің негізін құрады және осы уақытқа дейін біздің дүниетанымымызда сақталып қалды. Дін ежелгі руханияттың ажырамас бөлігі екенін ескерсек, өткен тарихта мәдениет пен өркениеттің барлық салаларын қамтыды. Олар халықтың салт-дәстүрлерінде, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсініп, қабылдануында сақталды. Сондай ақ, діни көзқараста еркіндіктің абсолютті бастауы – Құдай болғандықтан, адам өз еркін Құдайға бағындырса, онда ол жоғары еркіндікке ие болады.