z-logo
open-access-imgOpen Access
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ АУҚЫМЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ КОНЦЕПТІСІ: ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ МӘНІ
Author(s) -
Айдана Ержанова,
Жаңыл Мадалиева
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.08
Subject(s) - philosophy
Қазақ халқының рухани мәдениетінің, ұлттық менталитетінің өзегін құрайтын дүниетанымдық ұстанымдар этикалық категориялар арқылы сипатталады. Келісім концептісі осы этикалық жүйенің негізгі арқауы екені мақалада барынша тарихи-философиялық тұрғыда дәйектеледі. Жалпы далалық өмір салты үшін өзара келісімнің, ымыраласудың, диалогтың өте маңызды рөл атқарғанын Ұлы дала тарихының өзіндік мазмұнынан байқауға болады. Этникалық рухани және әлеуметтік кеңістікте құқықтық қатынастардың моральдық санамен өте жақын өрбуі және олардың көбінесе өзара астасып жатуы дала философтарының шығармашылығында кеңінен талдаудан өткізілген. Әсіресе, Абайдың рухани мұрасы келісім копцептісін айшықтаудағы өзіндік рационалдық әлем екені анық. Әлеуметтегі келісімнің жоғары түрі мен сипаты адамның рухани әлемін қамтитыны мақалада күрделі мәселе ретінде көтеріліп, біршама өзіндік шешімін табады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here