
ИАСАУИ МЕН ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР
Author(s) -
Досай Кенжетай
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.02
Subject(s) - business
Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауидің адам мәселесі, яғни адам туралы ілімдерінің мәні туралы ой ортаға салынады. Дәстүрлі түркілік дүниетаным және ислам өркениеті негізінде сусындаған екі ойшылдың бірі, Әл-Фараби – философия, екіншісі, Иасауи – хикмет арқылы адам мәселесі туралы ой толғаған ойшылдар. Фараби мен Иасауи іліміндегі адам туралы түсініктер бүгінгі қоғам үшін теориялық әрі практикалық жаңаша ойлауымызға, санадағы серпілістің жаңғыруына ықпал ететін қордалы ойдың көзі. Осынау бабалар мұрасының ұлттық дүниетанымдық арнамызды қалпына келтірудегі, қалыптастырудағы маңызы, мәні, орны жаңаша, жан-жақты ғылыми зерделеуді қажет етеді. Фараби мен Иасауи ілімін танымдық тұрғыдан қараған автор екеуінде айырмашылықтарға қарағанда ұқсастықтар басым. Мақалада Иасауи мен Фараби мұраларындағы антропологиялық тұжырымдарға салыстырмалы түрде ғылыми талдау жасалған.