
Заманауи ғылыми техникалық жаңалықтардың қазақстандық мүсін өнерінде трансформациялануы (шетелдік тәжірибе негізінде)
Author(s) -
Гүлнұр Жұбанова,
Ербол Қайранов
Publication year - 2021
Publication title -
centralʹno-aziatskij iskusstvovedčeskij žurnal
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2520-2162
pISSN - 2414-4177
DOI - 10.47940/cajas.v6i3.402
Subject(s) - chemistry
Зерттеуде шетелдік тәжірибе негізінде заманауи ғылыми техникалық жаңалықтардың отандық қала кеңістігіндегі мүсіндік туындыларына әсері қарастырылған. Жаңа ғасыр өнеріндегі адамзаттың орны мен рөлі, ғылым мен өнер арасындағы байланыстардың қазіргі мәдениеттің рухани дамуына әсері талданады. Зерттеудің мақсаты шетелдік тәжірибе негізінде заманауи ғылыми-техникалық жаңалықтардың қазақстандық мүсін өнерінде трансформациялану үдерістерін зерттеу. Зерттеудің міндеттерінде ХХІ ғасыр басындағы шетелдік өнер ықпалымен өзгеріп жатқан заманауи өнердегі арт-үдерістердің ерекшелігі мен белгілері ашылып көрсетіледі; Қазақстандық суретшілердің шығарамашылығындағы көрерменмен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін іздеуге және сабақтас салаларды игеруге бағытталуы зерттеледі. Мәдениет пен өнер зерттеушілері үшін бұл тақырып өзекті, өйткені ХХІ ғасырдағы өнер мен мәдениеттің тарихи дамуын белгілейтін жалпы мәдени тенденцияларды анықтау үшін теориялық зерттеулерге тарихилық қағидалар келтіріледі. Зерттеу нысанына Қазіргі Қазақстан бейнелеу өнерінде классикалық мүсін өнері, сәулеттік кеңістіктерінде жаңа арт үрдісіндегі нысандар мен мүсіндегі көркемдік бағыттар алынды. Зерттеу пәні кинетика мен стимпанк бағыттарындағы туындылар мен авторлар, кеңістіктегі арт-нысандар, заманауи туындылар, мәдениеттің әлеуметтік-көркемдік және тарихи метажүйелер болып табылады. Зерттеу әдістері ретінде қалалық ортаны түрлендірудің урбанистік тәсілдері, арт-нысандар орнатуды зерттеу және фестивальдерді ұйымдастыру үшін құрылымдық дизайн және сыни талдау қолданылды. Қоғамдық орта материалдарында ұсынылған отандық және шетелдік мүсіншілердің өнер туындыларына философиялық-эстетикалық талдау жасалды. Шығармалардағы көркем қарым-қатынастың жаңа үлгілері ретінде кеңістік пен уақыт категориялары, қоғаммен қарым-қатынасының ерекшеліктері анықталды. Мүсін өнерінің заманауи ғылыми-техникалық инновациялары заманауи қаланың тартымдылығын арттыру құралы ретіндегі ғылыми тұжырымдамалармен сипатталады.