z-logo
open-access-imgOpen Access
Қазақ халқының дәстүрлі би өнерінің болмысы
Author(s) -
Тойған Оспанқызы Ізім,
Жәнібек Үсенұлы Қайыр,
Әйгүл Кенесқызы Күлбекова
Publication year - 2021
Publication title -
centralʹno-aziatskij iskusstvovedčeskij žurnal
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2520-2162
pISSN - 2414-4177
DOI - 10.47940/cajas.v6i2.442
Subject(s) - philosophy
Мақалада қазақ халқының болмысындағы өнердің алар орны қарастырылған. Халық биінің шығу тегі ерте заманнан бастау алады. Би мен қозғалыстың алғашқы формалары адам заттың қоршаған әлемнен алған әсерін көрсетудің бір түрі ретінде қарастырылады. Ауыз әдебиеті, күй, айтыс, жыр-дастан сияқты халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер түрлерімен синкреттік түрде дамып, бізге жеткен би өнері жөнінде ой толғайды. Қазақ өнерін зерделеген ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып, би мәдениетінің даму кезеңдерінде қазақ болмысындағы орны қарастырылған. Қазақ халқының тыныс-тіршілігіндегі, өмір салтындағы дәстүрлі би өнерінің болмысын айқындау мақсатында, авторлар тарихи-хронологиялық жүйелеу, саралау, салыстыру, бақылау әдістерін қолданады. Бақсы ойыны тек дінге байланысты деп қарамай, оның ерекше әрекеттері арқылы би өнеріндегі негізгі қимыл қоззғалыстары қалыптасқаны жөнінде айтылады.Халықтың тарихи кезеңдеріне байланысты өзгеріске ұшырап отырған өнер түрлері де әркез даму үстінде болғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қарапайым қимылдарға негізделген би өнері, жетіле келе халықтың ажырамас өнер түріне айналып отыр. Қазақтың болмысы тәлім-тәрбие арқылы белгіленсе би өнері сол тәрбие мен салт-дәстүрді негізге ала отырып, дамығанын білеміз.Адам затының көңіл күйiн білдіретін, музыкалық ырғақтың сырт бейнесін суреттейтін, түрлi қимылдар арқылы әсер қалдыратын өнер – би деп білеміз. Би арқылы адам баласына тән әсемдiк пен әдемiлiк, өмiрге деген көзқарасы мен көңiл күйi көрiнiс табу арқылы рухани күйге енеді. Ал, осы өнер түрінің қалыптасып, дамуында әр халықтың өзiне тән мiнез құлқы, тұрмы-салты, мәдениетi әсер етедiндігі айтылады.Осы ғылыми зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті гранты аясында (№AP09260151 гранты) қаржыландырды.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here