
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ (PEDAGOGICAL CONDITIONS FOR THE DEVELOPMENT OF FUTURE TEACHERS-PSYCHOLOGISTS’ REFLECTION)
Author(s) -
К. О. Казиев
Publication year - 2021
Publication title -
h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau memlekettìk universitetìnìn̦ habaršysy/h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau universitetìnìn̦ habaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2790-332X
pISSN - 2077-0197
DOI - 10.47649/vau.2021.v61.i2.05
Subject(s) - reflection (computer programming) , psychology , mathematics education , pedagogy , engineering ethics , computer science , engineering , programming language
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары теориялық талдаулар арқылы ашып көрсетіледі. Қазіргі заманғы педагогика және психология ғылымында рефлексия мәселесі субъектінің ішкі психикалық актісі мен күйін тану процесі ретінде тереңірек түсінуді қажет етеді. Сондықтан рефлексияның ішкі табиғатын, құрылымын және оны дамыту мүмкіндігін теориялық, практикалық және әдістемелік деңгейде зерттеудің қажеттілігі қарастырылып отырған рефлексия ұғымының өзектілігін айқындай түседі. Рефлексия ұғымының (оның өзіне тән сипаттамасын) және оны дамыту ерекшеліктерін талдау негізінде болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары ретінде рефлексивті іс-әрекетті ұйымдастыру, рефлексивті ортаны қалыптастыру, рефлексиялық іс-әрекетке қатысушылардың субъектаралық қарым-қатынасын белсендіру, рефлексивтілікті өзектендіру, бөліп көрсетіледі. Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары барысында өзіндік «Мен» туралы түсініктері кеңейеді. Олар өзінің іс-әрекетіне қатысты рефлексивті болады және өз сезімдері мен тәжірибесін талқылауда белсенділік көрсетеді, сонымен қатар өзінің абырой-беделі мен ішкі әлеуетін ашады. Осы тұрғыдан алғанда мақалада болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда тиімді нәтиже беретін жолдардың бірі – рефлексиясын дамытуда педагогикалық шарттар міндеттері көкейкесті мәселе болып табылатындығы жайлы мазмұндалады.