
НАРЫН ҚҰМЫНДАҒЫ БАТЫРБЕК ҚОРҒАНДАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Author(s) -
Marat Kasenov
Publication year - 2021
Publication title -
h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau memlekettìk universitetìnìn̦ habaršysy/h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau universitetìnìn̦ habaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2790-332X
pISSN - 2077-0197
DOI - 10.47649/vau.2021.v60.i3.02
Subject(s) - mathematics
Мақалада Нарын құмында орналасқан Батырбек қорғандарында жүргізілген археологиялық қазбаның нәтижелері баяндалады. Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарын және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 мың км². Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір Каспий теңізініңХвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, массивтерінен тұрады. Солтүстік - шығысын Қамыс - Самар жайылмасы алып жатыр. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5-2 м тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұрайлы жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады [1, 10 бет].2019 жылы қыркүйек айында Атырау облысы, Құрманғазы ауданының солтүстік - батыс жағында орналасқан Батырбек ауылынан СШ-ға қарай 3,36 км жерде орналасқан, темір дәуіріне жататын 2 обаға қазба жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазбадан темір дәуріне тән қабірлер ашылды. Сонымен бірге обаның үстіндегі үймек жабындысынан кейінгі кезеңде жерленген 4 қабір ашылды. Мақалада осы обаларға жүргізілген зерттеу жұмыстары баяндалады. Обалар Нарын құмының солтүстік-батыс бөлігінде, қатты сазды жыныстан тұратын «тақыр» далалық аудандар кездеседі. Осы аудандарда темір дәуірінің жүздеген обалары оналасқан. Обаларға тұнғыш рет қазба жұмыстары жүргізілді.