z-logo
open-access-imgOpen Access
АТЫРАУЛЫҚ ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚ ТУРАЛЫ / ATYRAU LOCAL HISTORIANS ABOUT THE MEDIEVAL CITY OF SARAISHYK
Author(s) -
Abilseit Mukhtar,
Zhanar Diarova
Publication year - 2020
Publication title -
h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau memlekettìk universitetìnìn̦ habaršysy/h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau universitetìnìn̦ habaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2790-332X
pISSN - 2077-0197
DOI - 10.47649/vau.2020.v59.i4.02
Subject(s) - history , ancient history
Мақалада ұзақ жыл бойына өлкетану саласында еңбек етіп, өлке тарихын түгендеуге үлес қосқан өлкетанушылар М.Намазғалиев, Ж.Ғизатов, Ө.Әлімгереев, В.Афанасьев жөнінде жазылған. Соның ішінде өлкетанушылардың кешегі Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге жеткен ұлы ел билеушілері жерленген, елдігіміздің астаналары болған киелі жерлердің бірі – Сарайшық қаласының тарихы, археологиялық зерттеулері мысалға алынған. Ортағасырлық Сарайшық қаласының археологиясы мен этнографиясы, жергілікті тарихты зерттеудегі өлкетанудың рөлі мен маңызы, ата-бабалардың рухани мұрасы және киелі нысан ретінде тұлғалары, туған өлке тарихының беймәлім беттері туралы жазылған өлкетанушылар ғылыми еңбектері сараланды. Өлке тарихының жанашырларының облыстың қалалары мен аудандарының өлкетанушыларын тарта отырып, қатысушылардың географиясын кеңейту, өлкетануды дамытуға мүдделі барлық мекеме, ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жастарды кеңінен тарту, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының негізінде 2-3 жылда кемінде бір рет өлкетану оқуларын өткізуді тәжірибеге енгізу, өлкетану саласындағы зерттеулерді дамытып, БАҚ-да өлкетануға қатысты жұмыстарды жандандыру туралы ұсыныстары қайта көтерілді.Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын зерттеп, төл тарихымызды өскелең ұрпаққа жатық тілмен, мәнермен баяндап, өлкетану аясының кеңдігін, мүмкіндігінің молдығын, өз елін сүйетін әрбір жан үшін шектеусіз зерттеуге лайық сала екені түсіндірілді.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here