
ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҚАБЫЛДАУ – БОЛАШАҚПЕН САНАСУ
Author(s) -
А. Д. Темірбаева,
Х.А. Ордабекова
Publication year - 2020
Publication title -
suleyman demirel university bulletin: philology
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2709-2623
DOI - 10.47344/sdubp.v52i1.74
Subject(s) - medicine
Аңдатпа. Аталған мақалада латын әліпбиіне көшудегі мақсат, ұлттық жазуды қалыптастыру, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері, жазу мәдениетін компьютер техникасы арқылы дамыту қарастырылады. Мақаланың кіріспесінде латын әліпбиінің әлемде кеңінен қолданылуы, қазіргі латын әліпбиіндегі 25 таңба, әлем елдерінің 80-нен астамы латыннегізді әліпбиді пайдаланатындығы туралы ақпарат келтіріледі.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қазақ тілінің заңдылықтарына сай өз әліпбиімізді латын қарпі негізінде жасау мәселесі көтеріледі. Рухани жаңғыру негізінде қолға алынған қазақ жазуына реформа жасау «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында латын негізді әліпбиді оңтайлы әрі жеңіл қолданысқа енгізу цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асыру көзделеді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі білім беру саласында сандық сауаттылықты меңгерту, білім сапасын арттыру үшін дүниежүзілік тәжірибеден үздік инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану аясында жүзеге асырылатындығы айтылады. Кілт сөздер: жаңа әліпби, латын, цифрлық технология, емле ереже, білім беру.
Түйін сөздер: жаңа әліпби, латын, цифрлық технология, емле ереже.