z-logo
open-access-imgOpen Access
Қазақстанның Қызылорда облысының күріш өсіру саласы: даму үрдстері мен перспективалары
Author(s) -
С. Т. Жумашева,
Sh. M. Kantarbayeva,
А. Е. Муханова
Publication year - 2021
Publication title -
problemy agrorynka
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2708-9991
pISSN - 1817-728X
DOI - 10.46666/2021-1.2708-9991.01
Subject(s) - medicine
Авторлар Қызылорда облысының күріш өсіру саласындағы қалыптасқан жағдайды қарастыруда: күріштің егіс алаңы 87 300 га құрады, бұл Қазақстанда өндірілетін күріш өнімінің 90%-ын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ақ астықтың орташа өнімділігі гектарына 54,5 ц құрайды. Жоғары өнімді сұрыптарды пайдалану есебінен соңғы бес жылда күріш жармасын өндіру 39% - ға, күріштің жалпы түсімі екі есеге артты. Статистика комитетінің деректері бойынша, оның өңірдегі көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, өңделген күріш 81,2% - ға (60-тан 107,5 мың тоннаға дейін) өскен. Қызылорда облысында 2020 жылы га-дан 61,8 ц алынды, қамбаға 550 мың тоннадан астам күріш себілді. Зерттеу нәтижелері күріш жармасына ішкі сұранысты толық қамтамасыз ететін республика бойынша алынған өнімнің едәуір мөлшеріне қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы және ауыл халқының табыс көзі күріш шаруашылығын одан әрі дамыту, оның экспорттық әлеуетін арттыру болып табылатынын көрсетті. Облыстағы күріш өсіру кешенінің даму қарқыны және осы дақылға әлемдік сұраныс деңгейі талданған. Өңірдегі күріш өндірісінің мәселелері мен перспективалары көрініс тапқан. Бұл мәселені зерттеу республика үшін күріш өсіру саласының маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді, өйткені күріш елде де және шетелде де сұранысқа ие болуда. Саладағы субсидиялар талданып, олардың тиімділігіне баға берілді. Күріш өнеркәсібін субсидиялау бойынша ұсынымдар әзірленген.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here