z-logo
open-access-imgOpen Access
Модельдеу процесін оңтайландыру мақсатында автоматтандырылған жобалау жүйесі мен құралдар тиімділігін анықтау және талдау.
Author(s) -
М.А. Жәнкіш*,
А.А. Тенгаева
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/4-2021/13
Subject(s) - psychology
Бұл мақала өндірісті оңтайландыруға арналған бағдарламалық жасақтамасы бар құрылғылардың дизайнын талдауға арналған. Сапаны арттыру үшін өндірістің негізгі параметрлерін оңтайландыру қажет. Механизмді құрастырудағы өзара әрекеттесетін бөлшектердің егжей-тегжейлі болжамдары құнды бағалауға және материалдарды таңдауға, сондай-ақ модельдеудің озық технологиясына негізделген процесті қолдану арқылы мүмкін болады. Бұл мақалада аз қалдықты және перспективты технологиялық процестерді жобалау кезінде еңбек өнімділігін және қабылданатын шешімдер деңгейін арттыру, дайындамаларды қалыптау әдістері туралы деректерді жинақтау, есептеу техникасын, конструкторлық автоматтандырылған жобалау жүйесі мен автоматтандырылған жобалау құрылғыларын қолдануды кеңейту есебінен оңтайландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жайында ақпарат ұсынылады. Суықтай қалыптау технологияларын дамытуда ерекше маңызға ие модельдеу процесіндегі бастапқы жобалаушы мәндерге қол жеткізіледі. Сонымен қатар, суықтай деформацияланатын процестерді енгізу үшін қажетті зерттеулерге, әзірлемелерге салыстырмалы түрде жоғары шығындар, көп жұмыс пен деформациялауға арналған құралдарды жасау жүзеге асады. Бұл жағдайда имитациялық автоматтандыру жүйелерін қолдану арқылы металдардың түзілуі зерттеледі. Осының арқасында өндірісті технологиялық дайындауға кеткен шығындар айтарлықтай азайтылады. Күрделі құралдарды жасауды қажет ететін процесті виртуалды тәжірибелермен шынайы процесті жартылай немесе толық ауыстыру ұсынылады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here