z-logo
open-access-imgOpen Access
ФЕРМЕРЛІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА МАЛАЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ
Author(s) -
Н. К. Толунбеков*,
Қ. Қалым,
С. Б. Бекбосынов
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/4-2021/12
Subject(s) - psychology
Қазіргі уақытта Қазақстанда мал шаруашылығы саласы кең дамуда, өйткені ірі қара, шошқа және қойдың барлық дерлік мал басы ұсақ шаруа қожалықтарында орналасқан. Мал шаруашылығын көтерудің және халықтың өз өндірісінің мал шаруашылығы өнімдеріне, өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттіліктерін және халықтың азық-түлікке деген  сұранысын шаруа қожалықтары айтарлықтай қанағаттандыра алмайды [1]. Өйткені  шаруа қожалықтары мал азығын дайындайтын заманауи дамып келе жатқан озық машиналар мен жабдықтарды қаржы мәселесіне байланысты ала алмай отыр. Мал шаруашылығы саласын қарқындату, кешенді мамандандыру, жоғарыда аталған мәселені шешудегі көптеген маңызды мәселелердің бірі ретінде біздің елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал шаруашылығы фермаларының көп саны жұмыс істейді, «қайта құруға дейінгі» дәуір кезеңіндегі фермалардың жоғары өндірістік қуаттарын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мал шаруашылығы өнімінің артуы, өнім бірлігіне шаққандағы жем-шөп пен еңбек құнының төмендеуін азықты ұтымды пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Өнімнің өзіндік құны жалпы шығындардың 55-70% құрайды. Мал азығын жай ғана азықтандыру емес, оларды барынша тиімді пайдалану малдың шағын тобының өнімділігі мен физиологиялық жағдайын ескере отырып, қоректілігі теңдестірілген азық қоспасын малды азықтандырушыға бергенде ғана мүмкін болады [9]. Осы мәселеден кейін мал шаруашылығын қайтадан құру немесе жаңадан жобалау қажеттілігі туындайды. Осындай мәселелердің шешімі ретінде ферманы жан-жақты механикаландыру, малазығын дайындайтын тасқынды-технологиялық желі мен азық таратуды жобалау және пайдалану, машиналардың заманауи технологияларын қолдану арқылы мәселені шешу көзделіп отыр.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here