z-logo
open-access-imgOpen Access
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ИКЕМДІЛІГІ
Author(s) -
Г.А. Кипшакбаева*,
Б.О. Амантаев,
З. Т. Тлеулина,
А. А. Кипшакбаева,
А.С. Турбекова
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/4-2021/07
Subject(s) - mathematics
Мақалада «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Ғылыми-эксперименттік кампусы жағдайында жаздық жұмсақ бидай сорттарын бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер нәтижесінде дақыл өнімінің құрылымдық элементтер кешенінің жоғары көрсеткіштеріне ие жаздық бидайдың сорттары анықталды. Сонымен бірге өскіннің пайда болуы-масақтану кезеңдері созылыңқы және масақтану-пісіп жетілу кезеңдері қысқа жаздық жұмсақ бидайдың бастапқы материалдарын бағалаудың нәтижелері келтірілген.  Зерттеу жылдарында зерттелген сорттар орташа есеппен 18,9-25,8 ц/га өнімділік көрсетті, астық өнімділігі бойынша сорттар арасындағы ауытқу 1,7-ден 6,8 ц/га құрады. Ауа райы дақыл үшін оңтайлы болатын жылдары қарқынды сорттар өздерінің генетикалық потенциалын барынша айқын көрсетеді, мысалы 2020 жылы Айна, Тәуелсіздік 20, Таймас, Августинa сорттарының өсіп-даму, құрылымдық элементтер көрсеткіштері жоғары болып, мол өнімді әрі сапалы өнім қалыптастырды. Зерттеуге алынған материалдардың дән құрамындағы ақуыз мөлшері 18,44-22,8% аралығында болды. Ақуыздың жоғары мөлшері бойынша Айна мен Асыл сапа сорттары ерекшеленді, Астана сортымен салыстырғанда бұл сорттарда ақуыз мөлшері  0,8-1,21% - ға жоғары болды. Селекция үшін келесі сорттар үлкен қызығушылық тудырады: Астана, Тәуелсіздік 20, Таймас, Карабалыкская 70, Карагандинская 22, ХN-08, ХN-10, ХN-11, Карагандинская 31, Карагандинская 60, Шортандинская 2012, Карагандинская 30, Айна және Августина.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here