
«НАРЫНҚОЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ АУМАҒЫНДАҒЫ ЯРМОЛЕНКО ҚАЙЫҢЫ МЕН ШРЕНК ШЫРШАСЫ АЛҚА АҒАШТАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Author(s) -
Ж.К. Ракымбеков*,
Н.С. Мухамадиев
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/2-2021/9
Subject(s) - art
Қазақстандағы орман шаруашылығының дамуына тек антропогендік факторлар (өрттер, заңсыз ағаш кесу және т.б.) ғана емес, сонымен қатар табиғи жағдайлардың өзгеруіне себеп болатын факторлар мысалы, аурулар эпифитотиі немесе орман массивтерін толықтай деградацияға ұшырата алатын қауіпті және карантинді орман зиянкестері ошақтарының пайда болуы мен жаппай көбейюі кедергі келтіреді. Осыған орай орманпатологиялық мониторинг бойынша зерттеулер жүргізу мен орманды зиянкестерден қорғау шараларының жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындалуы өте маңызды болып табылады. Әсіресе, Betula Jarmolenkoana Golosk. сияқты сирек және жойылып кету қаупі бар ағаш түрлерін зиянкестерден қорғауда орманның санитарлық жағдайын анықтаудың маңызы арта түседі.Зерттеу жұмысының негізінде алғаш рет Алматы облысы «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы Ярмоленко қайыңы (Қызыл қайың) алқаағаштары орманпатологиялық тұрғыда сипатталып, санитарлық бағалау нәтижесі беріліп отыр.Мақалада «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы Шренк шыршасы мен Ярмоленко қайыңы алқаағаштарының орманпатологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеуді жүргізу мақсатында мониторингтік алаңдар салынды және әр алаң бойынша ағаш жасын морфологиялық белгілерін, зиянкестердің қоныстануын ескере отырып ағаштың жағдайы толық сипатталған карточка толтырылады, сонымен қатар онда тұқымдас, ағаш диаметрі, биіктігі, жасы, санитарлық жағдайы, зиянкестер мен аурулардың негізгі түрлері көрсетіледі.