
ЕКІ АДЫМДЫ ПЫШАҚ ЖҮГІРІСІ БАР ШӨП ШАПҚЫШТЫҢ КЕСУ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕК МЕХАНИЗМІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Author(s) -
Қ. Қалым*,
Ғ.С. Жұматай,
О. Камалханов
Publication year - 2022
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/1-2022/12
Subject(s) - computer science
Бұл мақалада екі адымы пышақты шөп шапқыштың кескіш аппаратындағы жетек механизмінің параметрлері мен жұмыс режимдерін әзірлеу және негіздеу бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген.
Сегментті-саусақ түріндегі шөп шапқыштың кесу аппаратының жетек механизмінің құрылымдық және технологиялық схемасы жасалды, онда кесу аппараты пышағының екі соққысы қарастырылған. Пышақтың қозғалысын, жылдамдығын және үдеуін анықтау бойынша аналитикалық тәуелділіктер алынды. Теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша шөп шапқыш жетегі механизмінің негізгі параметрлері негізделді. Өсімдіктерді сапалы кесу жағдайында, шөпті кесудің минималды жылдамдығымен иінді- біліктің минималды жылдамдығы анықталды. Есептеу арқылы пышақтың екі адымды кесуімен қалыпты кесу үшін кесу алаңы мен жүктеме ауданы анықталады. Екі адымды шөп шапқышты жүргізу үшін қажетті қуатты анықтауға аналитикалық тәуелділіктер алынды. Екі адымды пышақтың кескіш аппаратында иінді біліктің айналу жиілігі анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша жақсартылған жетегі бар шөп шапқыштың негізгі параметрлері негізделген. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-де тәжірибелік үлгі жасалып шығарылды және жетек механизміне алдын ала сынақ жүргізілді, шөп шабу жұмысының агротехникалық және энергетикалық көрсеткіштері анықталды.