z-logo
open-access-imgOpen Access
ҚОЯН ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫ
Author(s) -
М.С Жакиянова *,
С.М. Сейлгазина
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/1-2021/04
Subject(s) - medicine
Малдардың ас қорыту жүйесіне қарағанда, терісі бағалы аңдар қатарына жататын қояндардың ас қорытуы жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Қояндарға талшыққа бай тағамдарды сіңіру қиынға соғады, себебі олардың асқазаны бір камералы және көлемі 190-200 мл. құрайды. Ал асқорытуға қатысатын бездердің бірі ұйқы безі.Ұйқы безі (pancreas) – бауырдан кейінгі екінші үлкен без. Ұйқы безі – бұл екі бағытты функциясы бар экзокриндік және эндокриндік, яғни экстрамуральды ас қорыту безі деп те атауға болады. Экзокринді жасушалар липополимерлерді (липаза), ақуыздарды (трипсин, эрепсин, протеазалар), көмірсуларды (амилаза) мономерлерге ыдырататын ас қорыту ферменттері бар сөл шығарады, олар қан мен лимфаға сіңеді. Осы ас қорыту сөлі негізгі үш шығарушы түтіктер арқылы он екі елі ішекке өтеді.Қоян етінің сапасы оның құндылығымен, керемет дәмімен, пайдалы және қоректік заттардың құрамымен және қоян бауырының диеталық өнім ретінде де танылған. Оның калория мөлшері өнімнің 100 граммы 165 ккал-дан аспайды, яғни 100 грамм қоян бауыр-ының құрамында 19 грамм ақуыз, барлық 10 грамм май болады. Ал көмірсулар мүлдем жоқ.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here