z-logo
open-access-imgOpen Access
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРДЫҢ АҚ ҰНТАҚ АУРУЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ФУНГИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Author(s) -
Б.М. Бейсекина
Publication year - 2021
Publication title -
ìzdenìster, na̋tiželer
Language(s) - Russian
Resource type - Journals
ISSN - 2304-3334
DOI - 10.37884/.v4i4.41
Subject(s) - medicine
Мақалада Түркістан облысы жағдайында жеміс ағаштарының ақ ұнтақ ауруы зерттелді. Ауруға қарсы фунгицидтер қолданылып, олардың биологиялық тиімділіктері туралы мәліметтер келтірілді. Зерттеу жұмыстары Түркістан облысының негізгі жеміс зоналарының – Темірлан, Қазығұрт аудандарында орналасқан бақтарына жүргізілді. Алма,алмұрт ағаштарының ақ ұнтақ және басқа да дақ ауруларына, монилиозға; алхоры, өрік, шабдалы, шие, кызыл шиенің клястероспориозы, монилиозы, бұйралану кеселдеріне қарсы ерте көктемде, бүршіктену кезінде немесе одан ерте 3-4% бордос сұйығымен өңдеу; екіншісін - гүлдеуден кейін 1% бордос сұйығы немесе 90% мыс хлороксиді, с.ұ. - 0,4% ерітіндісімен бүркіп, үшіншісін - 15-20 күннен кейін қайталау. Зерттеу кезінде алманың вегетация кезінде ақ ұнтақ ауруына қарсы купроксат 34,5% паста түрінде - 5 кг/га (эталон), байлетон, 25% с.ұ. - 0,2 кг/га; флуалет с.к 0,15л/га фунгицидтерімен 3 қайтара бүрку жүргізілді: біріншісі - гүл түйіні қызғылттана бастағанда; екіншісі - гүлдеуден кейін;үшіншісі - екінші өңдеуден 10-15 күн өткен соң. Зерттеулер нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, ақ ұнтаққа қарсы ең тиімді фунгицид Флуалт, с.к 250 г/л болып табылды. Биологиялық тиімділігі 97,8%, ал эталонмен салыстырғанда, Бельфлер сортында 65,3 пайыз құрады. Демек, алманың ақ ұнтағымен күресуде Флуалт, к.с 250 г/л., өте жоғары көрсеткіш көрсетті.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here