
ҰҢҒЫМАЛЫҚ ОРТАНЫҢ КОРРОЗИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Author(s) -
П.А. Танжариков,
AUTHOR_ID,
Г.Б. Амангельдиева,
А.Ж. Тлеуберген,
AUTHOR_ID,
AUTHOR_ID
Publication year - 2021
Publication title -
neftʹ i gaz
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2708-0080
pISSN - 1562-2932
DOI - 10.37878/2708-0080/2021-6.04
Subject(s) - business
Мақалада мұнай және газ кен орындарын игеру кезеңінде өндірілетін шикізаттардың химиялық құрамының өзгерісі мен қондырғылардың коррозиялық бұзылуына әкелетін процестердің негізгі түрлері көрсетілген. Қышқылды газдың технологиялық жүйелердің әсерінен мұнай және газ кен орындарын игеру кезеңінде өндірілетін шикізаттардың химиялық құрамы өзгеріп, қондырғылардың коррозиялық бұзылуына әкелетіні көрсетілді. Әртүрлі мөлшердегі қабаттық және тұщы сулардың (тұз концентраты) және ортаның қозғалу жылдамдығына (оттегінің түсуі) байланысты коррозия жылдамдығының әсер етуі зерттеліп, график түрінде келтірілді. Қос фазалы ортаның коррозияға белсенділігі сутегі көміртекті және компоненентті жүйенің физико-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі талдау жүргізу арқылы дәлелденді. Мақала сорғы мен компрессорлық құбырлардың коррозиялық-шаршау күйін бағалау заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Жұмыста ортаның коррозиялық қасиетін бағалау үшін балдық шкаласын қолдану ұсынылды. Әрбір бағалау нүктесі зерттелетін минералданған ортада металдың коррозияға ұшырау жылдамдығын сипаттайтын объективті өлшенген сандық көрсеткіштердің белгілі диапазонына сәйкес келеді деп болжанады. Ақшабұлақ мұнай-газ кен орнының негізгі мұнай-газ өндіретін аймақтарының әртүрлі коррозиялық орталарының белсенділігін бағалау дайындалған әдістеме бойынша Қорқыт Ата университитетінің бейінді зертханасындағы қондырғының көмегімен орындалды. Алынатын өнімдердегі мұндай коррозиялық орта-бұл резервуарлық сулар, ал айдау кезінде-"өнеркәсіптік ағындар" қолданылады. Осылайша, ұңғымалық ортаның коррозиялық белсенділігін бағалаудың әзірленген әдістемесі іс жүзінде маңызды болып табылады және ұңғымалық жабдықтар мен сорапты-компрессорлық құбырлардың пайдалану ресурсын басқару құралы болып табылады, бұл оларды ұңғымалық ортаның коррозиялық белсенділігінің белгілі бір жағдайларында пайдалану мүмкіндігі мен орындылығын бағалауға мүмкіндік береді.