z-logo
open-access-imgOpen Access
Cognitive-dialectical principles of the study of Turkic languages
Author(s) -
Э. Н. Оразалиева,
Назарбаев Университеті
Publication year - 2020
Publication title -
turkic studies journal
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2708-7360
pISSN - 2664-5157
DOI - 10.32523/2664-5157-2020-2-4-47-58
Subject(s) - kazakh , linguistics , cognitive linguistics , dialectic , conceptual system , cognition , sociology , epistemology , psychology , philosophy , neuroscience
Когнитивті қазақ тіл білімінің теориялық және қолданбалы ұстанымдары қазіргі заманғы өзекті лингвистикалық тенденцияларды да, жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен әдіснамаларды да анықтайды. Бұл тұрғыда қазақ тіл білімі ғылымындағы тұжырымдамалық және құрылымдық тәсілдердің өзара байланысының ұстанымдарын зерттеудің маңызы зор. Тіл мен ойлау байланысы орнатылған қоршаған шындықтың немесе қоршаған әлемнің тіліндегі бейнесі қазіргі тіл білімінің антропоөзектік сипатын анықтайды. Сонымен, тілдік бірліктерді диалектикалық-динамикалық құбылыстар ретінде талдау қазақ халқы әлемінің тілдік және концептуалдық бейнесін анықтауға, олардың этникалық менталитеті мен ділінің ерекшеліктерін ашуға және жалпы түркі тілдерін зерттеудің концептуалды қорының негізін қалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, дәл осы концептуалды методология тек қазақ тілі үшін ғана емес, басқа түркі тілдері үшін де маңызды диахроникалық және синхрондық зерттеулер үшін өте жемісті болып шықты. Тілдік танымның тұжырымдамалық-когнитивті теориясы ХХ ғасырдың 20- 30 жылдарында қазақ лингвистикасында тіл, философия, психологиямен түйіскен тұста қалыптаса бастады және ол адам болмысын танудағы салыстырмалы және құрылымдық тәсілдермен, тіл мен ойлаудың байланысымен тығыз байланысты. Құрылымдық ұстанымдардың философиялық, логикалық және танымдық бағыттар элементіне біртіндеп ауысуы қазіргі қазақ тіліндегі семантикалық зерттеулерге негіз болды. Мақалада қазақ ғалымдарының диахрония мен синхрониядағы зерттеулерінен алынған лингвистикалық бірліктерді талдау арқылы қазақ тілінің тұжырымдамалық және құрылымдық байланыстары ашылады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here