
ТАҢҚУРАЙ СОРТТАРЫН IN VITRO ЖАҒДАЙДА КЛОНДЫ МИКРОКӨБЕЙТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Author(s) -
B.A. Santay,
Timur Turdiyev,
N. K. Rymkhanova,
B.A. Zhumabaeva
Publication year - 2021
Publication title -
doklady nacionalʹnoj akademii nauk respubliki kazahstan
Language(s) - Russian
Resource type - Journals
eISSN - 2518-1483
pISSN - 2224-5227
DOI - 10.32014/2021.2518-1483.49
Subject(s) - in vitro , chemistry , biochemistry
Мақалада таңқурайдың «Брянская Диво» және «Полка» сорттарын клонды микрокөбейтуге қажетті қоректік орта құрамын оңтайландыруға қатысты зерттеу жұмысының нәтижесі берілген. Жасалынған зерттеулер таңқурай сорттарының оқшауланған экспланттары үшін залалсыздандырушы агент пен оның эксплантты өңдеу уақыты да маңызды екенін көрсетті. Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде сапрофитті микрофлораға қарсы 0,1% сулема ерітіндісімен 5 минут өңдеудің тиімділігі белгілі болды. Өсімдіктерді in vitro енгізуге қажетті қоректік орта ретінде құрамында 0,5 мг/л бензиламинопурин (БАП), 0,1 мг/л индолил-3-май-қышқылы (ИМҚ), 0,2 мг/л гиббереллин қышқылы (ГҚ), 0,1 мг/л тиамин (В1 витамині), 0,5 мг/л пиридоксин (В6 витамині) және никотин қышқылы (РР витамині), 1 мг/л аскорбин қышқылы, 30 г/л сахароза, 100 мг/л мезоинозит, 2 мг/л глицин мен 10 мг/л темір хелаты болатын Мурасиге және Скуг (МС) таңдалынды. Залалсыздандырылып, қоректік ортаға енгізілген экспланттардың орташа регенерациялану көрсеткіші 95% болды. Зерттеу жұмысы барысында экспланттарда жасырын патогенді микрофлораның болу мүмкіндігін ескере келе, оларды Петри табақшасындағы арнайы Viss қоректік ортасында тексердік. Құрамында 10 г/л сахароза, 15 г/л MgSO47Н2 О, 8 г/л казеин гидролизаты, 2 г/л КН2РО4, 4 г/л ашытқы экстракті мен 6 г/л джелрайт бар аталған ортада бактериялық зақымдану 4-5% көрсетті. Таңқурай сорттарын клонды микрокөбейту үшін құрамында 0,5 мг/л БАП, 0,1 мг/л ИМҚ, 100 мг/л мезоинозит, 2 мг/л глицин, 5 мг/л темір хелаты болатын МС ортасы оңтайлы болып, өз тиімділігін көрсетті.