z-logo
open-access-imgOpen Access
«ТІЛ КӨРНЕКІЛІГІ» – ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ ӘЛЕМІ (А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)
Author(s) -
E. N. Orazaliyeva
Publication year - 2021
Publication title -
vestnik nacionalʹnoj akademii nauk respubliki kazahstan
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2518-1467
pISSN - 1991-3494
DOI - 10.32014/2021.2518-1467.124
Subject(s) - medicine
А. Байтұрсынұлы тіл ғылымында алғашқылар қатарында экстралингвистикалық талдаулар тізбегін жасады. Тілші «сана-саңлауы» ұғымын пайдалана отырып, танымдық бірліктің тілдік зерттеуде атқарар қызметін, өзіндік орнын айқындауға тырысты. Сөз мағынасының ауысып қолдануын, сол арқылы ой көркемдігінің жүзеге асуын дәйектеген А. Байтұрсынұлы «қиял байлығына қарайтын» көркем сөзде орын алатын көріктеу, меңзеу, әсерлеу формаларын танымдық қабылдаудың, зейін мен зерденің дерек көзіне айналдыра сипаттады. Зерттеуші тілдік фактілерді сұрыптай келе, кез келген лингвистикалық еңбектің бір ғана тіл негіздеріне сүйене жазылмайтындығын ескерте отырып, тіл ғылымындағы салыстырмалы зерттеулердің маңызын атап көрсетті. Адамға тән екі ғаламның сабақтастығын дәлелдеу мақсатында оның психологиялық эмоционалды көңіл-күйін қияли танымның, ойлы сезімнің өзегіне айналдыра сипаттау арқылы тілші олардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады деп қорытындылады. Ғалымның пайымдауынша адам әсерлер жігін тек лепті, әсерлі, көрнекті, сәнді, тіл арқылы ғана баяндап жеткізе алады, яғни кез келген құбылысқа өз қарым-қатынасын білдіру мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде тіл мен ойлау байланысынан туындайтын психологиялық реңктер тілтанымдық фактілердің қабылдану өзгешелігін дәйектейтін болғандықтан, адам дүниеге әкелген сөз үлгілері де, олардың функционалдысемантикалық өзгешеліктері де танымдық процестің салдарын айқындады. Анығырақ айтқанда, «шешен сөз», «толғау» сияқты әдеби шығармалар адам-дүние-тіл ұғымдарының «зор іліккен» байланысын уәждейтін психологиялық таным тұрғысынан сұрыпталды. Танымдық зерттеулердің пәнаралық негізін дәйектейтін факторлардың бірі – когнитологияда пәлсапалық әдістердің қолданыс табуы, диалектика ұстанымдарының таным процесінде жүзеге асуы. Адамтанудың басты қағидаларын сұрыптаған аталмыш ғылым саласы алғашқы философиялық ой-пікірлердің тізбегін ұсына отырып, қоршаған әлем мен құбылыстар туралы, олардың адам дамуына әсері мен өзара сабақтастығы хақында құнды деректердің дүниеге келуіне себепкер болды. Олардың қатарында адамның объективті дүниені тануы, оны ой елегінен өткізуі, қабылдаған мәліметтерді саралауы, сол арқылы болмыс пен шындықтың, табиғат пен қоғамның өзгешеліктерін түсіндіруі секілді проблемалар да зерттеу нысанын құра бастағандықтан, А. Байтұрсынұлы тіл табиғатын анықтау, оның адамзат өмірінде атқарар қызметін жүйелеу, сөз өнерінің танымдық үрдістерін саралау, сол арқылы тілдік құралдардың ғаламдық құбылыстармен сабақтастығын танып-білу негіздерін сұрыптау мақсатын көздеді.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here