
САҒДИ МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ
Author(s) -
Іslam Zhemeney,
Batyrkhan Bolatbek
Publication year - 2021
Publication title -
vestnik nacionalʹnoj akademii nauk respubliki kazahstan
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2518-1467
pISSN - 1991-3494
DOI - 10.32014/2021.2518-1467.121
Subject(s) - environmental science
Сағди Ширази Иран елінде дидактикалық гуманистік ұстанымымен танылып, әлем өркениетіне өзіндік үлес қосқан, поэзиядағы шығыстың жеті жұлдызының бірі. Екеуін қаншама ғасыр бөліп жатса да Абай мен Сағдидің көзқарастарында ұқсастық, ақындықтарында сабақтастық байқалады. Бұған біз олардың өмір жолдарына және шығармашылықтарында үңілгенде айқын көз жеткізе аламыз. Екі ақын да өз заманының мұң-мұқтажын жырлады. Адамгершілікті, адалдықты, әділдікті дәріптеді. Пайдалы іс пен кәсіпке, өнер-білімге үгіттеді. Елдің ой-санасын оятуға тырысты. Сондықтан да олардың өлең-жырлары жұртшылықтың көңілінен берік орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Рухани саладағы құнды қазына, өлмес мұраға айналды. Сағди да Абай да шығыс әдебиеті үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ортақ мақтаныш. Шығыс әдебиетінің ең озық өкілдерінің шығармаларымен жете танысу арқылы Абай жаңа әлемге және Шығыс өркениетіне өзіндік жол ашты. Шығыс халықтары сөз өнерінің ұлы шеберлері мұрасының осы алтын көпірінде поэзиядағы сабақтастық болмысының орасан зор өрісі бар. Бүгінгі таңда шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің сабақтастығын зерттеу саласындағы өзіндік зерттеулер тәуелсіз Қазақстан ғылымындағы жаңа зерттеу бағыты болды. Ежелгі байланыстар мен дәстүрлерді түпнұсқа материалдарға негізделген іргелі зерттеулер, оларды зерттеуде жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдану қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуде айтарлықтай рөл атқарады. Қазақ мәдениетінің рухани құндылықтарын әлемдік өркениетпен салыстыра қарастыру ұлттық көркем ой мен руханилықты жаңа деңгейге көтереді. Бұл мақалада қос классик ақын – Сағди мен Абайдың шығармашылық сабақтастығы кеңінен талданады.