z-logo
open-access-imgOpen Access
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (EXHIBITS OF MEDIEVAL SARAISHYK AS HISTORICAL SOURCES )
Author(s) -
Ә. Қ. Мұқтар,
Ж. К. Диярова
Publication year - 2021
Publication title -
h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau memlekettìk universitetìnìn̦ habaršysy/h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau universitetìnìn̦ habaršysy
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
eISSN - 2790-332X
pISSN - 2077-0197
DOI - 10.47649/vau.2021.v61.i2.01
Subject(s) - history , ancient history
Мақалада «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қор коллекциясының қалыптасу тарихы қарастырылған және «Сарайшық» музей-қорығы қорында сақталған бірегей жәдігерлерге сипаттама берілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» - республика көлеміндегі танымал, Атырау облысындағы туристер көп келетін мәдениет ошақтарының бірі. «Сарайшық» музей-қорығының жәдігерлер топтамасы Қазақстанның материалдық, рухани мұраларын қамтыған. Қазіргі таңда музей-қорық қорында 4000-нан астам жәдігерлер бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің баға жетпес құндылықтары болып табылады. Авторлар коллекцияға жіктеуді ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін талдай келе, оны қалыптастырудың екі негізгі жолын көрсетті. Бірінші және негізгі жолы – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған артефактілер есебінен коллекцияны толықтыру. Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы археологиялық қазба жұмыстары және облыс көлеміндегі басқа да қазба-барлау экспедициялары арқылы. Екінші жолы - экспонаттар санын қарапайым азаматтардан қабылдай отырып «Музейге сый» акциясы есебінен және шет мемлекеттердегі жәдігерлер көшірмелерін алу арқылы. Мақаланың ерекшелігі де республикадағы басқа музейлердегі және шет ел көлемінде әкетілген жәдігерлер туралы жазылуында, олар туралы ақпараттардың берілуі. Бұл мақала Сарайшықты зерттеуші үшін де, қала тарихына қызығушылық танытушылар үшін де пайдалы ақпарат болып табылады.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here