
Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында оқушылардың білім алуға деген мотивациясы
Author(s) -
Adina Bolatbekkyzy Sailaubayeva
Publication year - 2020
Publication title -
international young scholars workshop
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 2709-1120
DOI - 10.47344/iysw.v9i0.119
Subject(s) - environmental science
Қазақстанның білім беру жүйесі бойынша оқушы 11 немесе 12 жыл мектепте оқиды. Соның ішіндегі ең маңызды және ұзақтығы бойынша негізгі мектеп дей айталамыз, өйткені негізгі мектеп- білім жүйесінің басты буыны болып табылады. Математика негізінен оқушылар үшін күрделі сабақтардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі мектептің 7 сыныбында математика: алгебра және геометрия болып бөліне бастайды, яғни бұл оқушылардың математика сабағын оқудағы мотивациясын не түсіру, не жоғарталу факторы болу мүмкін. Сондықтан осы уақытта оқушыға мотивация бере алу өте маңызды. Бұл мақалада мотивация сөзі жайлы, мотивацияның туа бітетін немесе жандандыруға болатын қасиет пе, мотивацияның түрлері, мотивацияның оқу барысындағы рөлі, оқу барысында оқушыларды қалай ынталандыруға және ынтасын көтеруге болатыны жайлы айтылады.