
ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ ЖӘНЕ ПЛАТОННЫҢ СӨЗ ӨНЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СЫНЫ
Author(s) -
Әсет Құранбек,
Таиржан Оразхан
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.10
Subject(s) - political science
Мақалада қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтің Платон философиясы, оның өнер, соның ішінде сөз өнеріне қатысты сынының мәні, ойшылдың онтологиясы мен таным теориясы, идеялар ілімінің, сондай-ақ Ж.-П. Сартрдың поэзия тілінің проза тілімен салыстырғандағы ерекшелігі туралы пайымдауларының негізінде қарастырылып, осы тұрғыдағы сөз өнерінің болмысы бағамдалады. Платонның еліктеу өнерін шындықтың өзін емес, оның көлеңкесін бейнелейді, көлеңкенің көлеңкесін салады деп есептеуінің сыры өнердің қоғамдық маңызын, тәрбиелік, өнегелік мәнін, мойнындағы жауапкершілік жүгін тереңнен түйсінгендіктен де екендігі дәйектеледі.