
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ИДЕЯСЫ
Author(s) -
Гүлжихан Нұрышева,
Бану Қалдаева
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.05
Subject(s) - chemistry
Мақалада ежелгі Грекияның философиялық дүниетанымындағы гендерлік теңдік идеясына тарихи-философиялық талдау жасалады. Антикалық кезеңдегі гендерлік қатынастардың қалыптасуының реті анықталады. Пифагор, Сократ, Платон, Аристотельдің концепциялары сыни талдауға түседі. Зерттеуде сол кезеңдегі негізгі философиялық дәстүрлер белгіленеді. Махаббат, достық, рухани бірлік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Антикалықтың классикалық кезеңіндегі әйелдердің жағдайы қарастырылады. Аристотельдің таптық және гендерлік құлдықты идеологиялық ақтауы, Платонның табиғатынан әйел мен еркектің теңдік идеясы және утопиялық әділ мемлекетте әйелдің рөлі жобасы талданады. Гендерлік теңдік идеясының әлеуметтік-мәдени және тарихигенетикалық қайнар көздері анықталады. Әйелдердің (Сапфо, Теано, Гипатия және тағы басқалардың) мәдени шығармашылық қызметінің рөлі ашылады. Әлеуметтік қатынастарда әйел адамдарға қарағанда ер адамдардың үстемдігі идеясының басымдылығы туралы қорытынды жасалады.