
ХАКІМ АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰТ БІЛІМІ
Author(s) -
Жылбек Жаңабаев
Publication year - 2020
Publication title -
a̋l-farabi/alʹ-farabi
Language(s) - Ukrainian
Resource type - Journals
ISSN - 1999-5911
DOI - 10.48010/2020.4/1999-5911.03
Subject(s) - chemistry
Елімізде хакім Абай дүниетанымын зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Десек те, хакімнің дүниетанымындағы құт білімі алғаш назарға ілініп отыр. Соған сәйкес хакімнің өлеңдері мен қара сөздері құт білімі тұрғысынан сараланады. Оның ішінде ойшылдың жиырма екінші және қырық төртінші қара сөздерінде кездесетін «құттылар», «құттанып», «құт-береке» ұғымдарының қолданыс мәнін ашуға талпыныс жасалады. Зерттеуші құт біліміне жалпылама шолу жасай келе, хакім Абайдың бес асыл ісі: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды құт білімінің өлшемдері деп танылады. Сондай – ақ, адамшылық құндылықтары мен кісілік қалыптарды сақтауда құт білімінің кісендері, кісілік кәмалат білімінің құндылығы баяндалады. Автор хакім Абайдың рухани мұрасын құт білімі деп қабылдау қажеттілігін сөз етіп, оның ұлттық руханиятқа, еліміздің кемелді өсіп-өнуіне берері мол екендігіне тоқталады. Осы мәселені шешуде ізденуші герменевтика тұғырынан зерттеудің қажеттілігін негіздейді.