z-logo
open-access-imgOpen Access
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ
Author(s) -
Т. Турдалиева
Publication year - 2021
Publication title -
h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau memlekettìk universitetìnìn̦ habaršysy/h. dosmuhamedov atyndaġy atyrau universitetìnìn̦ habaršysy
Language(s) - Uncategorized
Resource type - Journals
eISSN - 2790-332X
pISSN - 2077-0197
DOI - 10.47649/vau.2021.v60.i1.07
Subject(s) - business
Мақала өз алдына мемлекеттік қызметшілер өкілеттігін анықтау, мемлекеттіліктің қалыптасуы кезіндегі мемлекеттік қызметтің өз мақсаттарын орындауға мемлекеттің алғашқы ұйымдастырушылық құралы ретіндегі рөлін зерделеу мақсатын қояды. Мақалада еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының реформалық жүйесінің сипаты мен нақтылығымен байланысты теоретикалық және тәжірибелік сұрақтар зерделенеді. Мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру - бұл оның қызметін қалыптастыруды және кең ауқымды мәселелерді қамтиды: лауазымдық лауазымдарды белгілеу, әр лауазымға тиісті өкілеттіктерді анықтауды, мемлекеттік қызметтерге қабылдау ережесін әзірлеу, біліктілігін арттырудың және көтермелеудің ережелері, ынталандыру шараларын қолдану,тәртіптік шаралар және басқа да жауапкершілік, ресми қатынастарды тоқтатудың шаралары жөніндегі зерттеулер оқырманқауым назарына ұсынылады.Сонымен қатар, мемлекет саясаттарын іске асырудың барысында мемлекеттік қызмет институтының функционалдық қызметі анықталып; мемлекеттік қызметтің құрылымының негізі, өзара қарым-қатынастардың екі тобы нақтыланып; мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру, оған дайындауды және қызмет көрсетуді, яғни әрбір қызметкердің және олардың барлығының ресми практикалық өкілеттіктерін жүзеге асырунақтыланып, мемлекеттік қызмет барысының құқықтық реттелуі механизмі талданған.Жоғарыда аталған қызмет саласындағы талдаулардың нәтижесі ресми орындардың қызметін сапалық жағынан арттыру ісіне қолдануға, осы салаға арналған пәндерді оқыту барысында лекция, практикалық сабақ материалдарын дайындауға қосымша деректер ретінде пайдалануға болады деген пікір білдіреміз. Бұл саланы ғылыми түрде зерделеуге арналған еңбектер өте аз, сондықтан аталмыш саланы зерттеу қоғамға орасан зор пайда әкеледі.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here